Vortex
Clinical Services
Клиникалық зерттеулердің заманауи логистикасы
Vortex – клиникалық зерттеулерді ұйымдастыруға және логистикаға маманданатын халықаралық компания. Негізі қаланған сәттен бастап біз Мәскеудегі шағын қоймадан бастап, инфрақұрылымы дамыған және 8 елде өз өкілдіктері бар компанияға дейінгі деңгейде жеттік. 15 жылдан астам уақыт бойы біз ғалымдар мен дәрігерлерге дәрілік препараттар мен емдеу хаттамаларының жаңа түрлерін әзірлеуге көмектесіп келеміз. Өз жұмысызды кәсіби деңгейде, сапалы және уақтылы орындайтынымызды мақтан тұтамыз.

Vortex реттеу саласында қолдау көрсету және кедендік рәсімдеу бойынша, сондай-ақ CRT-дан ультратөмен (-90˚С дейінгі) бақыланатын температуралар кезінде клиникалық зерттеулер материалдарын қоймалау және тасымалдау бойынша қызметтерді ұсынады.
Біздің тарихымыз
Vortex компаниясының негізі 2006 жылы қаланды. Біз өз қызметтеріміздің спектрін кеңейту арқылы және клиникалық зерттеулер бойынша сапа менеджменті жүйесін дамыту арқылы жыл сайын ұлғайып келеміз.
2009 жылдан бастап - ТМД елдерінде бөлімшелеріміз ашылды
2015 жылдан бастап - кеден брокерінің лицензиясы бар
2016 жылдан бастап – ISO сәйкестік сертификаты бар
2019 жылдан бастап – GDP сертификациясы
Біздің лицензияларымыз
Vortex Russia және Vortex компаниясының шетелдік бөлімшелері жергілікті биліктің заңнамалық талаптарына сәйкес толық тіркелді және лицензияланды. Vortex компаниясының барлық кеңселерінде фармацевтикалық лицензиялар бар және GDP стандарттарына сәйкес жұмыс жасайды. GDP компаниясының бас кеңсесі ISO сапа менеджментінің сертификаттауынан өтті.
Біздің серіктестеріміз
Vortex ұсынатын қызметтердің жоғары сапасын жетекші әлемдік және ресейлік фармацевтикалық компаниялар оң бағалады.
Неліктен Vortex?
Біздің артықшылықтарымыз – әр клиентпен жеке жұмыс жасаймыз, әлемдік фармацевтикалық индустрия көшбасшыларының талаптарына сәйкес келуге мүмкіндігіміз бар, жаңа заманның талаптарына сай болуға қабілеттіміз.

Біз жергілікті заңнаманы және реттеу жүйесін өте жақсы білеміз, яғни біздің клиенттеріміз барлық заңи рәсімділіктер егжей-тегжейлі орындалатынына сенімді бола алады.

Үлгілердің сақталуы мен сапалы жеткізілуіне өте жаңа технологиялық база – жүктерді онлайн-қадағалау жүйесінен бастап соңғы үлгідегі төмен температуралы жабдыққа дейінгі база кепілдік береді. Біздің әр қызметкеріміз – ортақ істің маңыздылығын және жауапкершілікті ұғынатын нағыз кәсіпқой.
Біздің артықшылықтарымыз
  • Кәсіби қызметкерлердің штаты
    Жақсы оқытылған және ынталандырылған 150 қызметкеріміз бар.
  • Әр клиентпен жеке жұмыс жасау
    Біз көрсетілетін қызметтердің сапасын төмендетпей, тиімді масштабтаймыз..
  • Жеке меншік бағдарламалық жасақтама
    Сіз жүкті жеткізу жолының бойында қадағалай аласыз.
  • Тәжірибеміз мол
    Біз 15 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік реттеу құжаттарымен: фармацевтикалық лицензиялармен, сапа менеджменті сертификаттарымен, брокерлік лицензиялармен ойдағыдай жұмыс жасап келеміз.
  • Сараптаманың өзектілігі
    Біз әлемдік ірі фармацевтикалық компаниялардың тендерлеріне үздіксіз қатысамыз.
  • Үлкен мүмкіндіктер
    Біз материалдар мен қызметтерді сатып алу үшін қызметтердің орасан зор спектрін және жеткізушілердің кең таңдауын ұсынамыз.
VORTEX CLINICAL SERVICES
барлық сұрақтар бойынша: info@vortexcs.com
ынтымақтастық мәселесі бойынша: : budget@vortexcs.com

© All Right Reserved. Vortex Clinical Services.
e-mail us: info@vortexcs.com