БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ
Vortex компаниясы дәрілік препараттар Ресейге әкелінген сәттен бастап, биологиялық үлгілер экспортталған сәтке дейін клиникалық сынауларды толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.



Кедендік қызметтер

Біз жылына 5000-нан астам жеткізулер үшін кедендік рәсімдеуді жүргіземіз.
Клиникалық зерттеулер кезінде кідірістердің және бюрократиялық кереғарлықтардың болмауы өте маңызды. Сондықтан біз кедендік қызметкерлеріміздің оқуына және уақтылы сертификатталуына ерекше назар аударамыз.

Реттеу қызметтері

Вортэкс жергілікті заңнамаға сәйкес реттеу қызметтерінің толық спектрін ұсынады. Біз клиникалық зерттеулерге және төменде көрсетілген заттарды елге әкелуге/елден шығаруға рұқсаттар аламыз:

  • клиникалық зерттеулерге арналған кез-келген дәрілік препараттар мен материалдар;
  • сапаны бақылауға арналған препараттар мен материалдар;
  • өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер;
  • биологиялық үлгілер;
  • радиоактивті материалдар;
  • медициналық жабдықтар;
  • клиникалық қабылдауға арналмаған медициналық материалдар мен дәрілік заттар.


Сақтау

Жеке меншік қоймалар – компаниямыз мақтан тұтарлық жайт. Препараттар мен үлгілерді кез-келген температуралық режимде барынша сапалы сақтау үшін өз қойма орынжайларымызды ұйымдастыруға және жабдықтауға ерекше назар аударамыз. Жалпы сақтау ауданы 4500 шаршы метрден асады. Жүктерді кез-келген температуралық режимде, тіпті -90 градусқа дейін сақтауға болады.

Vortex-ң кез-келген қоймасындағы қызметтер:
  • қаптау, таңбалау/қайта таңбалау;
  • препараттардың транзиті, қайтару, жедел қайтарып алу;
  • жою.
Тасымалдау

«Вортэкс» жеке меншік тасымалдау қызметі – көп талап қойылатын жүктерді қолайлы бағамен жылдам әрі сапалы жеткізу. Біз белгіленген температуралар мен басқа параметрлерді үздіксіз ұстану арқылы салқын тізбек технологиясы бойынша жеткізу схемасын мұқият меңгердік. Рефрижерация жүйесі бар жеке меншік автокөліктеріміз +15°…+25°С, +2°…+8°С және -20°С диапазондағы температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Нақты есеп-қисаптың, соның ішінде компьютерлік құралдардың, қағаз құжаттаманың және жоғары технологиялық тіркеушілердің арқасында клиент жүк жеткізушіден алушыға дейінгі жол бойы температуралық режим бұлжытпай орындалатынына сенімді бола алады.


Сатып алулар

Клиенттің сұратуы бойынша Vortex клиникалық зерттеулер үшін қажет препараттар мен материалдарды сатып алып, жеткізе алады. Ресейде де, шетелде де сатып алу мүмкіндіктері бар.


Біз клиникалық зерттеулерге арналған медициналық препараттарды, жабдықтар мен материалдарды лицензияланған және бекітілген жеткізушілердің желісі – дистрибьюторлар, көтерме сауда компаниялары мен дәріханалар арқылы сатып аламыз. Әдетте, тапсырысты орындауға 3-5 күн кетеді. Препараттар мен материалдарды шетелде сатып алып, РФ немесе ТМД бойынша жеткізу мүмкіндігі бар.
VORTEX CLINICAL SERVICES
барлық сұрақтар бойынша: info@vortexcs.com
ынтымақтастық мәселесі бойынша: budget@vortexcs.com

© All Right Reserved. Vortex Clinical Services.
e-mail us: info@vortexcs.com